Өзгеріс көшбасшылары

Әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, сондай-ақ оны қадағалайтын халықаралық және мемлекеттік құқықтық нормалар жайлы айтып, керекті дағдыларды үйрететін білім беру тренингтер топтамасы. Жоба түлектері әлеуметтік желілерде коммуникациялық кампанияларды бастау үшін шағын гранттарға өтініш беріп, оларды іске асыру және фандрейзинг стратегиясын әзірлеу кезінде тәлімгерлік қолдау ала алатын болады.
Өзгеріс көшбасшылары
Кіріспе вебинарды көру
Біз құқық қорғаушылардың қазақстандық қоғамдағы маңызды рөлдеріне қарамастан, көп жағдайларда көзден тыс қалып жатқандарынан хабардармыз. Бұның себептері әртүрлі болуы мүмкін: әлеуметтік желілердегі белсенділіктің жоқтығы, аудиторияның аздығы немесе бұқаралық ақпарат құралдарында сирек көріну.

Бұл жағдайды өзгерткіміз келеді!
Қазақстандағы адам құқықтарымен айналысатын құқық қорғау ұйымдары мен азаматтық бастамалар жайынша мүмкіндігінше көбірек адамдардың біле алуына, әрі олардың жұмыстарының маңыздылығын түсініп, қолдауларына әсер ету.

Біз нені көздейміз?

Мақсатымыз

Жобамызға кімдер қатыса алмақ?

Келесі бағыттарға белсене кіріскен ұйымдар, азаматтық бастамалар,
құқық қорғаушылар және белсенділер
  • АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ҚҰҚЫҚТАР
    Соның ішінде әділ сот талқылауына, жиындар бостандығы және мемлекеттік істерге сайлау арқылы қатысу құқықтарын қоса санағанда
  • ҚЫЗДАР МЕН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
    Әсіресе отбасылық зорлық-зомбылық пен гендерлік дискриминациямен күресетін және репродуктивті денсаулық саласында жұмыс істейтін ұйымдар
  • ЛГБТИК+ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
    Жұмыстары, ең алдымен, ЛГБТИК+ құқықтарын қорғауға бағытталған адамдар
  • МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
    Атап айтқанда, қол жетімділік құқығы (оның ішінде білім беру қызметтеріне қатысты), сондай-ақ репродуктивті денсаулық әрі саяси және қоғамдық өмірге қатысу құқығы салаларымен айналысатын ұйымдар
Жоба аясында біз құқық қорғаушылар мен белсенділерді әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, сондай-ақ оны қадағалайтын халықаралық және мемлекеттік құқықтық нормаларға қатысты білім алып, керекті дағдыларды үйренуге шақырамыз.
Жоба түлектері әлеуметтік желілерде коммуникациялық кампанияларды бастау үшін шағын гранттарға өтініш беріп, оларды іске асыру және фандрейзинг стратегиясын әзірлеу кезінде тәлімгерлік қолдау ала алатын болады.

Біз не ұсынамыз?

!
!
SMM мектебінің аясында құқық қорғаушылар мен белсенділер әлеуметтік желілердегі өз аудиторияларымен мүмкіндігінше тиімді қарым-қатынас жасауды үйренбек. Олар дұрыс коммуникациялық стратегияларды құруды меңгеріп, аудиторияны түсіну және тарту, көкейтесті контент жасау, форматтарды түсіне білу, сонымен қатар өз жобаларын әлеуметтік желілердің бизнес құралдары арқылы дамыту негіздерін игеретін болады.

ОФФЛАЙН БІЛІМ АЛУ
SMM және коммуникациялық стратегиялар мектебі
Екінші мектеп құқық қорғаушылар мен белсенділерді адам құқықтарын ілгерілету кампанияларында видеоларды тиімді пайдалануға үйретеді. Курс қатысушылары көрермендерді бірден баурап алатын бейнелерді жасау және таратуды игермек. Сондай-ақ, олар техникалық тапсырмаларды қалай жасау керектігін, тақырыпты аша алатын дұрыс форматты анықтауды, мүмкіндіктер мен дедлайндар арасындағы байланысты түсінуді, жұмысты оңтайландыру және жүргізуді, әрі техникалық мамандармен бір тілде сөйлесіп, оларға тапсырма беруді үйреніп алатын болады.

ОФФЛАЙН БІЛІМ АЛУ

Құқық қорғау кампанияларына арналған видео жасау мектебі
ОНЛАЙН БІЛІМ АЛУ

Тренингтер

Жоба аясында біз құқық қорғаушылар мен белсенділерге цифрлік кеңістікті реттейтін халықаралық және мемлекеттің құқықтық нормалар, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жұмыс жасау кезінде кездесетін қиындықтар мен қауіп-қатерлер туралы көбірек білуге көмектесетін тренингтер топтамасын ұсынатын боламыз.
ОНЛАЙН, 5 ЖӘНЕ 12 ТАМЫЗ, 2021
"ЦИФРЛІК ҚҰҚЫҚТАР ЖӘНЕ ЗАҢДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК" ТРЕНИНГІ
Бұл тренингке қатысушылар цифрлық құқықтар мен бостандықтардың не екені және олардың халықаралық құқық және Қазақстан заңнамасы аясында қалай реттелетіні туралы білмек. Бұл оларға өздерінің ақпараттық қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге және аудиторияларының құқықтарын қорғауға көмектесе алады.
ОНЛАЙН, 26 ТАМЫЗ, 2021
"ӨШПЕНДІЛІК ТІЛІ" ТРЕНИНГІ
Құқық қорғаушылар мен белсенділер өшпенділік тілін қолданбауды және ақпараттық материалдарды соқыр үлгілер мен таптаурындарсыз ойластыруды үйреніп, әлеуметтік желілерді жүзгізу барысында көмектесетін этикалық аспектілермен таныспақ.
ОНЛАЙН, 23 ҚЫРКҮЙЕК ПЕН 14 ҚАЗАН, 2021
"ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК" ТРЕНИНГІ
Бұл тренинг аясында біз қатысушыларға олардың желідегі жұмыс істеу қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге көмектесетін бірқатар тәжірибелік кеңестер мен құралдар ұсынбақпыз.
Оффлайн немесе онлайн курстардың әр қатысушысы әлеуметтік желілерде коммуникациялық кампания әзірлеу және оны іске қосу үшін шағын грант алуға өтініш бере алады.
Кем дегенде 21 түлегіміз өз коммуникациялық кампанияларын іске қосады деп үміттенеміз.

Шағын гранттар

Шағын гранттар

Жоба жаттықтырушылары

Біз ең үздік мамандармен жұмыс жасаймыз!
Әлеуметтік желілердегі коммуникациялық кампанияларын дайындау және іске қосу жұмыстарын бастайтын қатысушылар біздің жаттықтырушылардан тәлімгерлік қолдау алады. Таңдаулы ұйымдар мен бастамалар фандрейзинг стратегиясын әзірлеу бойынша консультациялық кеңестер ала алмақ.
Тәлімгерлік
ӨТІНІМ ЖІБЕРУ

Тәлімгерлік

Байланыс
+7 775 617 7228
Веб-сайт «Өзгеріс көшбасшылары: адам құқықтары туралы ақпараттандырылған хабардарлық пен диалогты күшейту» жобасы аясында Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қоры тарапынан әзірленді. Аталған курстың мазмұны «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Одақтың көзқарасын көрсетпейді.