Онлайн тренингтер

Жоба аясында біз құқық қорғаушылар мен белсенділерге цифрлік кеңістікті реттейтін халықаралық және мемлекеттің құқықтық нормалар, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жұмыс жасау кезінде кездесетін қиындықтар мен қауіп-қатерлер туралы көбірек білуге көмектесетін тренингтер топтамасын ұсынатын боламыз.
ОНЛАЙН БІЛІМ АЛУ
ОНЛАЙН, 5 ЖӘНЕ 12 ТАМЫЗ, 2021
"ЦИФРЛІК ҚҰҚЫҚТАР ЖӘНЕ ЗАҢДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК" ТРЕНИНГІ
Бұл тренингке қатысушылар цифрлық құқықтар мен бостандықтардың не екені және олардың халықаралық құқық және Қазақстан заңнамасы аясында қалай реттелетіні туралы білмек. Бұл оларға өздерінің ақпараттық қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге және аудиторияларының құқықтарын қорғауға көмектесе алады.
ОНЛАЙН, 26 ТАМЫЗ, 2021
"ӨШПЕНДІЛІК ТІЛІ" ТРЕНИНГІ
Құқық қорғаушылар мен белсенділер өшпенділік тілін қолданбауды және ақпараттық материалдарды соқыр үлгілер мен таптаурындарсыз ойластыруды үйреніп, әлеуметтік желілерді жүзгізу барысында көмектесетін этикалық аспектілермен таныспақ.
ОНЛАЙН, 23 ҚЫРКҮЙЕК ПЕН 14 ҚАЗАН, 2021
"ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК" ТРЕНИНГІ
Бұл тренинг аясында біз қатысушыларға олардың желідегі жұмыс істеу қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге көмектесетін бірқатар тәжірибелік кеңестер мен құралдар ұсынбақпыз.
*Бұл курстар «Өзгеріс көшбасшылары: адам құқықтары туралы ақпараттандырылған хабардарлық пен диалогты күшейту» жобасы аясында Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қоры тарапынан әзірленді. Аталған курстың мазмұны «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Одақтың көзқарасын көрсетпейді.
Веб-сайт «Өзгеріс көшбасшылары: адам құқықтары туралы ақпараттандырылған хабардарлық пен диалогты күшейту» жобасы аясында Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қоры тарапынан әзірленді. Аталған курстың мазмұны «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Одақтың көзқарасын көрсетпейді.