Көпшілік алаңдарда әлем мен қоғамды өзгертіп жүргендерге арналған әлеуметтік желілердегі маркетинг курсы

ОФФЛАЙН БІЛІМ АЛУ

SMM. JAZz

29 маусым - 3 шілде
Алматы
SMM.Jazz курсы құқық қорғау ұйымдары мен азаматтық белсенділерге арналған. Қатысушылар тиімді байланыс және даму жолдарын құруға қажетті дағдыларын жетілдіре алады.

Біз құқық қорғау жобаларының SMM мамандары мен белсенділерінің қандай қиындықтармен кездесетіндіктерінен хабардармыз, әрі кей тақырыптардың қиын және сөз қозғаудың өзі ауыр болатындығын, уақыт және адам ресурстарының жеткіліксіз болуы мүмкін екендігін де білеміз.
Егер сіз құқық қорғаушы ұйымда жұмыс істесеңіз немесе азаматтық белсенділікпен айналыссаңыз, онда сізге әлеуметтік желілер арқылы адамдармен қарым-қатынаста болу, жобаларыңыздың аудиториясын кеңейту және креативке толы контент жасау керек болар. Олай болса, бұл курс дәл сізге арналған.

Курс кімдерге арналған?

Сіз не үйренетін боласыз?

Өз мүмкіндіктеріңізге және арықшылықтарыңызға сәйкес қалай тиімді коммуникациялық стратегия құру керектігін білетін боласыздар. Бұдан басқа, курс сізді келесі дағдыларға үйретпек:
  • Өз аудиторияңызды тауып, оларды түсіну және еліктіру
  • Сторис және видео форматтарындағы актуалды контент жасау
  • Өз жобаларыңызды дамыту
  • Фейсбуктен тик-токқа дейінгі әлеуметтік желілердің шарттары мен алгоритмдерін түсіну
Сауалнаманы 14 маусымға дейін толтырыңыз– үздік үміткерлерді курс авторларымен сұхбатқа шақырамыз.
Қалай қатысуға болады?

Қалай қатысуға болады?

Кім оқытады?

Сәлем. Мен Злата Понировскаямын және мен күн сайын жұмыс істеймін. (Осымен аяқтағым келуші еді, бірақ редактор мүмкіндік бермейді). Сонымен, біріншіден, мен біздің медиамектептегі оқу жүйеміздің орталығы ұстаздарымыз немесе тамаша контентіміз емес, студенттеріміз болуын қамтамасыз етемін.

Мен «Әлеуметтік желілердегі маркетинг» курсы және кітабының, «Әлеуметтік желілерге арналған бейне» және «Постапокалипсистік Инстаграм» курстарының авторымын. Түйіндемемде маркетинг агенттігін басқару, консалтинг және әртүрлі белгілі жобалар мен компаниялар үшін SMM департаменттерін құру тәжірбелері бар. Портфолиомда Новая Газета, ВТБ24, Planeta.ru, Article 19, Snob.ru және басқалары. Менің агенттігіме тез өсу керек болған кезде «жауынгерлік жағдайларда» жаңа қызметкерлерді үйрете бастағаным есімде. Негізгі жұмысымен қатар, мен Вышкада және Британ дизайн мектебінде дәріс оқып, Kaospilot әдістемесін үйрендім.

Қызығы сол, менің қазіргі портфолиомдағы ең қымбаты танымал ұйымдар мен бизнестер емес, Прага Медиа Мектебінің түлектері – күрделі цифрлік әлемді жақсы жаққа өзгертіп жүрген ұлы адамдар болып кеткені қашан.

ЗЛАТА ПОНИРОВСКАЯ
SMM сарапшысы
Сәлем! Менің атым Катерина Авдеева. Мен SMM және жаңа медиада 10 жылдай жұмыс істеймін және 3 жыл сабақ беремін. Мен сайттар мен жазылымдарды қалай жобалау керектігін, аудиторияны саралауды және байланыс бағасын 10 есе азайтуды, әрі лиддерді шақырып, оларды саудаға айналдырауды білемін. Таргет, аналитика, гипотезалар мен сынақтардың бәрі мен туралы. Бұдан басқа, сауалнамалар бойынша, мен Прага мектебінің студенттері үшін ең сүйікті ұстазға ұқсаймын. Бұл сізге бәрін қалай жасау керектігін айта алатынымның және сабақтарымыздың қызықты әрі оңай өтетіндігінің белгісі сияқты.

КАТЕРИНА АВДЕЕВА
SMM маманы, Прага мектебінің ұстазы
* Бұл курс «Өзгеріс көшбасшылары: адам құқықтары туралы ақпараттандырылған хабардарлық пен диалогты күшейту» жобасы аясында Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Free Press for Eastern Europe» қоғамдық қоры және «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорлары тарапынан әзірленді. Аталған курстың мазмұны «Free Press for Eastern Europe» және «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорларының жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Одақтың көзқарасын көрсетпейді.
Веб-сайт «Өзгеріс көшбасшылары: адам құқықтары туралы ақпараттандырылған хабардарлық пен диалогты күшейту» жобасы аясында Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қоры тарапынан әзірленді. Аталған курстың мазмұны «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Одақтың көзқарасын көрсетпейді.