молодые активисты обнимаются правозащитники тренинг крылья свободы

Қатысушылар жобалары

«SMM Jazz» және «Video Jazz» мектептерінің түлектері жасаған ақпараттық кампаниялар

Жұмыс нәтижесі

"Өзгеріс көшбасшылары" жобасының бірінші жылының кампаниялары

Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
SMM.JAZz түлегі Мирас Нұрмұханбетовтың осы кампания аясында жасаған анимациялық роликтері қазақстандық журналистердің кәсіби борышын өтеу кезінде бастан кешетін мәселелерін қамтиды

Мирас Нұрмұханбетов, "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры

"Қауіпсіздікте бол, әріптес" атты журналистердің қауіпсіздігі бойынша ақпараттық кампания
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
Бұл кампания АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың әртүрлі топтарының, атап айтқанда инъекциялық есірткіні, жыныстық қызметпен айналысатындардың, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлердің және трансгендер адамдардың өмірін жақсартумен айналысатын «Герлита» қоғамдық қорының қызметі аясында басталды..

Кампанияны SMM.JAZz түлегі Зарина Оспанова жүзеге асырды. ЖЖБИ және АИТВ-дан қорғану, экспресс-тестілер алу, АҚТҚ-жұқпасының оң статусы бар серіктеспен қарым-қатынас жасау, жұмыс берушіні АИТВ жағдайы туралы ақпараттандыру сияқты мәселелерді қамтыды.

ЗАРИНА ОСПАНОВА, "ГЕРЛИТА" ҚҚ

"Павлодар облысындағы МСМ тобының арасында АИТВ экспресс тестілеуінің қолжетімділігі жайлы ақпаратты арттыру"
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
Бұл кампанияны SMM.JAZz қатысушысы Илья Бараховский бастаған. Кампания Восход-Водный ауылдарындағы таза судың жетіспеушілігі мәселесін қамтыған. Осы кампания нәтижесінде жергілікті билік Семей қаласының сыртындағы ауылдарға су құбырын тарту мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіп, мәселе жайлы жергілікті тұрғындарды ұдайы хабардар етуде.

ИЛЬЯ БАРАХОВСКИЙ, белсенді

«Семей қаласының маңындағы елді мекендердің ауыз суға қолжетімділігі» ақпараттық кампаниясы
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
Кампания аясында «Өзгеріс көшбасшылары» жобасының онлайн-тренингтерінің түлегі Әлішер Хасенғалиев мектеп оқушылары мен университет студенттерінің құқықтарының бұзылуы мәселесіне тоқталып өтті. AdamUniBot Telegram ботын жасай отырып, Әлішер білім беру ұйымдарында студенттердің құқықтарын бұзу мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін, білім беру ұйымдарының әкімшілігіне тәуелсіз мамандар мен ұйымдарға жіберілетін сұраныстарды жинап, өңдей алатын құрал жасап шығарды.

АЛИШЕР ХАСЕНГАЛИЕВ, БЕЛСЕНДІ, LIBERALIS клубы (Қазақстан-неміс университеті)

AdamUniBot ақпараттық кампаниясы
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
Осы кампания аясында SMM.JAZz мектебінің түлегі Шолпан Жұмақова Қазақстандағы әрі әлемдегі саяси тұтқвндалу оқиғаларына ден қойды. Кампанияның басты кейіпкерлері Ж.Мамай, Е.Елшібаев, Д.Намазбаев сияқты саяси тұтқындар болды. Ақпараттық кампания YouTube (екі видео қазақ және орыс тілінде, ал бір видео тек қазақ тілінде түсірілді) және Instagram желісінде жүзеге асты.

Бейнематериалдар жарияланғаннан кейін саяси тұтқындарға құқықтық қолдау көрсететін сайт ашылды:

Жоба ютуб желісінде жоба инстаграм парақшасында:
https://cv.bureau.kz/

ШОЛПАН ЖҰМАҚОВА, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы

Саяси тұтқындарды қолдау бойына ақпараттық кампания
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
«Тинерджайзер Қазақстан» жобасының ақпараттық кампаниясының басты нысаны Қазақстандағы АИТВ-жұқпасы оң статусы бар балалар мен жасөспірімдерді дестигматизациялау болды. Кампания аясында жоба аудиториясы АИТВ+ балалары мен жасөспірімдерінің өмірі, олардың мәртебесіне қатысты стигмадан туындайтын кемсітушілік туралы түсінік ала алды. Тинерджайзер Қазақстан әлеуметтік желідегі аккаунттарында АҚТҚ+ жасөспірімдері мен олардың ата-аналары жайлы оқиғалар жарияланды.

АЙГЕРИМ ТЛЕУБАЕВА, БЕЛСЕНДІ; ЖУРНАЛИСТ

АҚТҚ жұқтырған жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының өмірі жайлы кампания науқан
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
Осы кампания аясында SMM.JAZz мектебінің түлегі Асқар Ақтілеу журналистердің мемлекеттік органдар қамтамасыз етуі тиіс ақпаратқа қолжетімділігі мәселесінің маңызын көтерді. Жарияланымдар ақпаратты беру тәртібіне, оның дерек көздеріне, оны ұсыну мерзімдеріне және мемлекеттік органдарға сұрау салу үлгілеріне бағытталды. Ақпараттық кампания Құқықтық медиа орталығының, «Әділ сөз» халықаралық қоғамдық қорының және «Тілші» ҮЕҰ БАҚ сайттарында орналастырылды.

АСҚАР АҚТІЛЕУ, ЖУРНАЛИСТ, "ТІЛШІ" ҚҚ

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ақпараттық кампания
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
Кампания қазақстандық мерзімді әскери қызметшілер мен әскери қызметшілер арасында үнемі бастан кешетін адам құқықтарының бұзылуы жағдайларын көрсетуге көмектесті. Ақпараттық кампания жарияланымдарында әскери қызметкерлер арасындағы суицид, әскердегі азаптаулар мен зорлық-зомбылық, қауіпті жағдайлардың алғы шарттары сияқты мәселелер көтерілді.

ЕВГЕНИЙ СОЛОВЬЕВ, «ЕРКІНДІК ҚАНАТЫ» ҚҚ ФИЛИАЛЫ (ПЕТРОПАВЛ қ.)

«Қазақстан Республикасы әскері қатарында мерзімді әскери қызмет етіп жүрген қызметшілер мен әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау» ақпараттық кампаниясы
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
«Өзгеріс көшбасшылары» жобасының онлайн-тренингтерінің түлегі Жания Хаированың «Comment 404» ақпараттық кампаниясы интернет кеңістігіндегі өшпенділік тілін жария етті. Жарияланымдар арқасында аудитория өшпенділік тілінің түрлері, өшпенді пікірлерге қалай жауап беру керектігі, сондай-ақ хейтспич жауапкершілігі туралы біле алды.

ЖАНИЯ ХАИРОВА, БЕЛСЕНДІ

«Comment 404» интернеттегі өшпенділік тіліне қарсы ақпараттық кампаниясы

«Өзгеріс көшбасшылары» жобасының 2-ші жылының кампаниялары

Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
Video.JAZz мектебінің түлегі Шыңғыс Уәлиханның ақпараттық кампаниясы азаматтық белсенділерді мемлекеттік сатып алулар сайты арқылы қала бюджетінің шығынын бақылауға шақырады. Науқан аясында шыққан видеоролик белсенділерді goszakupgov.kz мемлекеттік порталынан қалалық бюджеттің шығындары туралы ақпаратты қалай табуға болатыны жайлы нұсқаулары бар веб-сайтқа кіруге шақырады.

ШЫҢҒЫС УӘЛИХАН; ТЕРГЕУШІ-ЖУРНАЛИСТ

«Қала бюджетінің шығындарын бақылау» ақпараттық кампаниясы
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
#PROПРАВА ақпараттық кампаниясы кәсіби және азаматтық борышын өтеу кезінде құқықтарының бұзылуына тап болған журналистер, блогерлер мен белсенділер туралы сюжеттер сериясы форматында басталған

АЛИНА ЛЕВЧЕНКО, ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕДИА-ОРТАЛЫҒЫ

#PROПРАВА кампаниясы
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
Video.JAZz мектебінің түлегі Әсел Жатқанбайдың ақпараттық кампаниясы балалар арасында жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған. Көбінесе жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балалардың ата-анасы әрі қарай не істеу керектігін білмейді. «QORGAN» ерікті бастамасының аккаунтында жарияланған «Анашым, мені естіші» ақпараттық кампаниясы ата-аналардың балаларға жасалатын жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша сауатын арттыруға бағытталған.

ӘСЕЛ ЖАТҚАНБАЙ, «ҚОРҒАН» ЕРІКТІ БАСТАМАСЫНЫҢ ЖОБА БАСШЫСЫ

«Анашым, мені естіші» ақпараттық кампаниясы
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
Қазақстанда жыныстық алымсақтық әкімшілік кодекстің ұсақ бұзақылық бабы бойынша жауапқа тартылады. Бірақ қоғамдық орындарға қоқыс тастағандар да дәл осы бап бойынша жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза 30 күн қамауға алу, бірақ алымсақтық құрбандары көбіне психологиялық жарақат алып, кейін өздерін қауіпсіз сезіне алмайды.

«Myqty Women» кемсітушілікке қарсы бастамасының парақшасында Video.JAZz мектебінің түлегі Нұрмахан Тастайбек алымсақтықты қылмыстық жауапкершілікке санттау ақпараттық кампаниясы жүргізілуде. Кампания жазбалары сексуалдық зорлық-зомбылықты бастан өткерген адамдардың оқиғаларын баяндап, алымсақтықты не үшін қылмыс деп санау керектігін түсіндіреді.

НҰРМАХАН ТАСТАЙБЕК, БЕЛСЕНДІ

Алымсақтық үшін жазаны күшейту туралы ақпараттық кампаниясы
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
Video.JAZz мектебінің түлегі Анастасия Билоконьның ақпараттық кампаниясы Алматы қаласындағы АИТВ-ға шалдыққан, ИЕПА, ББАЖ тобындағы әйелдерге қатысты стигма мен кемсітушілікті жоюға бағытталған. Алматыда ешқандай дағдарыс орталығы жоғарыда аталған топтағы әйелдерді қабылдамайды. Алматыда осы контингентпен жұмыс істейтін қабілетті мамандары бар қызмет көрсету және кеңес беру орталықтары жоқ. Ақпараттық кампания осы мәселеге кең аудиторияның ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдардың да назарын аударуға бағытталған, оның көмегімен балалар үйінің толықтырылуына, қалаусыз жүктіліктің өсуіне, зорлық-зомбылықтың өсуіне, елдегі суицид және басқа да криминогендік жағдайлардың өсуіне ішінара әсер етуге болады.

АНАСТАСИЯ БИЛОКОНЬ, "РЕВАНШ" ҚҚ

АИТВ жұқтырған, ИЕПА, ББАЖ тобына (АИТВ-мен өмір сүретіндерге, есірткі пайдаланушыларға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға) жататын әйелдерге қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендету ақпараттық кампаниясы
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
Video.JAZz түлегі, белсенді Руфит Ахмедзяновтың ақпараттық кампаниясы Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен ауылдарындағы әлеуметтік нысандардың мүгедектер үшін қолжетімсіздігі мәселесін көрсетуді көздейді. Белсенді кампания аясында мүгедектігі бар кейіпкерлер күнделікті өмірде кездесетін қиындықтар туралы баяндайтын видеороликтер түсірді.

РУФИТ АХМЕДЗЯНОВ, БЕЛСЕНДІ

Қалалық орта мен әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі туралы ақпараттық кампания
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
Құқық қорғаушылар, адвокаттар мен белсенділер мыңдаған адамның құқығын қорғайды. БІрақ жұмысының ерекшелігіне байланысты қорқыту, шабуылдау, қудалау сияқты өз құқықтарының бұзылуына тап болады. Video.JAZz мектебінің түлегі Индира Какимованың ақпараттық кампаниясы құқық қорғаушылардың өздері әзірлеген Құқық қорғаушыларды қорғаудың ұлттық механизмі туралы заң жобасын қарауға шақырады.

ИНДИРА КАКИМОВА, ҚҰҚЫҚҚОРҒАУШЫ, PANA DEFENDERS

Құқық қорғаушыларды, адвокаттарды және белсенділерді қорғаудың ұлттық механизмін құру бойынша ақпараттық науқан
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
Video.JAZz мектебінің түлегі Әділ Зәкенов YouTube-тегі Oqulyque танымдық және ойын-сауық арнасының негізін салушы. Әділ мен команда осы жобаның бір бөлігі ретінде адам құқықтары туралы видеолар сериясын жасаған. Олар TikTok, Instagram Reels және YouTube Shorts сайттарында қысқа видеолар жасау үшін пайдаланды. Видеороликтер бәсекеге қабілетті демократиялық қоғам құру үшін қажетті ең маңызды адам құқықтарының бірі – сөз бостандығына арналған.

ӘДІЛ ЗӘКЕНОВ, OQULYQUE білім беру және ойын-сауық жобасы

«Сөз бостандығы деген не?» ақпараттық кампаниясы
Школа по созданию видео для правозащитных кампаний иллюстрация редактирование компьютер
«Өзгеріс көшбасшылары» жобасының цифрлы қауіпсіздік пен медиасауат бойынша онлайн-тренингтерінің түлегі Серік Байбосынов ("Антарес А" ҚҚ, Өскемен) бас бостандығынан айыру мекемелерінен шыққан адамдардың денсаулық сақтау мен медициналық көмек алу құқықтары мәселелерін жария етті. Бас бостандығынан айыру мекемелерінен шыққан азаматтар медициналық көмекке жүгінуде қиынлдықтарға тап болады, себебі МӘМС ие емес. Олар бұл жүйеге міндетті төлемдер аудармаған. Кампания аясында Серік міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жайлы заңға өзгерістер енгізу туралы петиция жасады.

Серік Байбосынов ("Антарес А" ҚҚ, Өскемен

Бас бостандығынан айыру мекемесінен шыққан азаматтардың денсаулығын сақтау құқығын жүзеге асыру бойынша ақпараттық кампания
Веб-сайт «Өзгеріс көшбасшылары: адам құқықтары туралы ақпараттандырылған хабардарлық пен диалогты күшейту» жобасы аясында Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қоры тарапынан әзірленді. Аталған курстың мазмұны «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Одақтың көзқарасын көрсетпейді.