Көпшілік алаңдарда әлем мен қоғамды өзгертіп жүргендерге арналған әлеуметтік желілердегі видеопродакшн курсы

ОФФЛАЙН БІЛІМ АЛУ

Әлеуметтік желілерге арналған видео

ӨТІНІМ ЖІБЕРУ
2022 жыл
Астана қ.
Курс бейне өндіріспен айналысқысы келетін және контентті қайта қалыптастырудың негізгі қағидаларымен танысқысы келетін құқық қорғаушы ұйымдардың қызметкерлері мен азаматтық белсенділер үшін жасалған.

Бағдарлама екі бөлімнен: өзіңіз сценарийден бастап жарыққа шығару платформасына дейін қадағалап, продюсерлікпен айналысатын шығармашылық бөлім, және жобаңызға керекті видео не инфографиканы монтаждайтын техникалық бөлімдерден құралған.

Егер өзіңіз кетіретін ресурстардың нәтижелер арқылы – қаралым саны, қатысулар, жаңа донаттар көлемі түрінде қайтарылғандығын қалап, басқаша айтқанда, жобаңызға жұмыс істейтін видеоконтент жасағыңыз келсе, курсымыз сізге үшін.

Курс кімдерге арналған?

Сіз не үйренетін боласыз?

  • Техникалық тапсырмалар құрау, сценарийлер мен сторибордтар жазу (жалпы алдын-ала жоспарлау)
  • Бейне кәсіби көріну үшін қаріптермен және титрлермен қалай жұмыс істеу керектігінің негіздері
  • Смартфон пен десктопта монтаждау. Монтаж, анимация және инфографикаға керекті өз Toolbox-ыңызды құрастыру
  • Жобаңызға сәйкес форматты таңдау – эксплейнер, промо, репортаж, влог
  • Түрлі платформалардың (YouTube, Tiktok, Instagram және Facebook) алгоритмдері мен ережелерімен танысу
  • Операторлар, моушерлер, дыбыстық дизайнерлер және тікелей эфир жүргізушілерімен тіл табыса алу (және оларға тиісінше тапсырма беру)
Егер сіздің белгілі бір нақты тапсырмаңыз болса, оқу барысында оны шешуге кірісе аласыз: сіз өз эксплейнеріңізді, жарнама немесе анонсыңызды тауып, түсіріп, жинақтай алатын, және титр жасап, логотипті әрлей алатын боласыз.
Сауалнаманы 13 мамырға дейін толтырыңыз– үздік үміткерлерді курс авторларымен сұхбатқа шақырамыз.
Қалай қатысуға болады?
САУАЛНАМАНЫ ТОЛТЫРУ

Қалай қатысуға болады?

Кім оқытады?

Сәлеметсіз бе, мен Покатилова Ольгамын және менің 10 жылдық видеографтық және моушн-дизайнерлік тәжірибем бар. Мектепте интенсив уақытында біз анимациялап бастап, бұның еш қиын емес екенін түсінеміз. Біз монтаждау бағдарламаларымен жұмыс жұмыс жасаймыз және сіз өзіңіздің алғашқы бейнелеріңізді жасай алмақсыздар. Мен жобаларды қалай тез, өзіңіздің күшіңізбен және жоғары деңгейде қалай жасау керектігін көрсетемін. Дәл осы курсқа мен әдейілеп пресет пакетімді дайымдап қойдым, - әрқайсысыңыздың қолданып, әріптестеріңізге таратуларыңызға болады.

ПОКАТИЛОВА ОЛЬГА
видеографер және моушн-дизайнер
Сәлем. Мен Злата Понировскаямын және мен күн сайын жұмыс істеймін.
(Осымен аяқтағым келуші еді, бірақ редактор мүмкіндік бермейді). Сонымен, біріншіден, мен біздің медиамектептегі оқу жүйеміздің орталығы ұстаздарымыз немесе тамаша контентіміз емес, студенттеріміз болуын қамтамасыз етемін.

Мен «Әлеуметтік желілердегі маркетинг» курсы және кітабының, «Әлеуметтік желілерге арналған бейне» және «Постапокалипсистік Инстаграм» курстарының авторымын. Түйіндемемде маркетинг агенттігін басқару, консалтинг және әртүрлі белгілі жобалар мен компаниялар үшін SMM департаменттерін құру тәжірбелері бар. Портфолиомда Новая Газета, ВТБ24, Planeta.ru, Article 19, Snob.ru және басқалары. Менің агенттігіме тез өсу керек болған кезде «жауынгерлік жағдайларда» жаңа қызметкерлерді үйрете бастағаным есімде. Негізгі жұмысымен қатар, мен Вышкада және Британ дизайн мектебінде дәріс оқып, Kaospilot әдістемесін үйрендім.

Қызығы сол, менің қазіргі портфолиомдағы ең қымбаты танымал ұйымдар мен бизнестер емес, Прага Медиа Мектебінің түлектері – күрделі цифрлік әлемді жақсы жаққа өзгертіп жүрген ұлы адамдар болып кеткені қашан.
ЗЛАТА ПОНИРОВСКАЯ
SMM сарапшысы
* Бұл курс «Өзгеріс көшбасшылары: адам құқықтары туралы ақпараттандырылған хабардарлық пен диалогты күшейту» жобасы аясында Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Free Press for Eastern Europe» қоғамдық қоры және «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорлары тарапынан әзірленді. Аталған курстың мазмұны «Free Press for Eastern Europe» және «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорларының жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Одақтың көзқарасын көрсетпейді.
Веб-сайт «Өзгеріс көшбасшылары: адам құқықтары туралы ақпараттандырылған хабардарлық пен диалогты күшейту» жобасы аясында Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қоры тарапынан әзірленді. Аталған курстың мазмұны «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Одақтың көзқарасын көрсетпейді.